Жаңалықтар
ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕР: БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ШЕШІМДЕРІН ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ ?
- Қаралды: 607
ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕР: БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА
ШЕШІМДЕРІН ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ?
«Болашақты жасау» екінші Нобель фестивалінің «Жаңашыл мұғалімдер: білім берудің жаңа шешімдерін қалай құруға болады?» атты соңғы сессия өтті.
Сессия барысында заманауи білім берудің келесі негізгі мәселелері талқыланды:
- Қосымша инфрақұрылымды талап етпейтін білім берудің инновациялық тәсілдер;
- Заманауи мұғалімнің миссиясы;
- Мектеп әкімшілігінің қолдауы қаншалықты маңызды.
Сессия модераторы ұлттық білім беру жүйесінің үлкен сарапшысы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті Шолпан ТАСЫБАЕВА болды.
Сессия жұмысына келесі спикерлер қатысты:
- Ивана КОВАЧЕВИЧ, «Мұғалімдер сыйлығы 2020» жаһандық сыйлығының финалисті;
- Динара БЕЙСЕМБАЕВА, «Қазақстан мұғалімі-2020» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының елшісі;
- Әлия Арқарова, «Ашық Әлем» қоғамдық қорының президенті, тең құрылтайшысы;
- Татьяна ГАРТМАН, орыс тілі мұғалімі, uchilkaonline.ru негізін қалаушы.
Сессия барысында спикерлер локдаун жағдайындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің жетістіктері туралы айтып берді. Заманауи білім беру процесінің қажеттіліктері, сондай-ақ олардың инновациялық шешімдерінің ерекшеліктері талқыланды.