2021 жылдың 21 сәуір күні Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Zoom платформасында «Ғылымды қаржыландырудағы маңызды өзгерістер» тақырыбында вебинар өтті.

      2021 жылдың  21 сәуір күні Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Zoom платформасында «Ғылымды қаржыландырудағы маңызды өзгерістер» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті директорының міндетін атқарушы Парманқұлова Перизат Жақсылыққызы жүргізді. 2020 жыл ғылымда жобалардың санын емес, сапасын бағалау үрдісі басталғандығын айтып өтті. Ғылымды қаржыландырудағы  маңызды 7 өзгеріске тоқталды: 1) Ғылыми жобалар конкурстарын жыл сайын өткізу 2) Грант түрлерін ұлғайту (нысаналы- бағдарламалық қаржыландыруға арналған конкурстар, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар, 12 айлық шағын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар, 27 айлық коллаборацияға бағытталған гранттарға конкурстар және т.б.) 3)Ұзақ мерзімді (кемінде 5 жыл) және мега-гранттар конкурсын өткізу 4) Нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру гранттарын мемлекет  алдында тұрған нақты ұлттық ғылыми-техникалық және өзекті міндеттерді орындауға ғана бөлу 5) Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын  гранттық қаржыландыруға жеке конкурс өткізу 6) Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы  ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгерістер енгізу 7) Ұлттық ғылыми кеңес тураплы ережеге өзгерістер енгізу. Сонымен қатар «Ғылым туралы» заңға өзгерістер ендіру мәселесі қаралып жатқандығы сөз етілді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.