Жаңалықтар
2021 жылғы 24-25 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Институционалды және бағдарламалық аккредиттеу бойынша аккредиттеуден кейінгі көшпелі мониторингті Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінде (I
- Қаралды: 798
2021 жылғы 24-25 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Институционалды және бағдарламалық аккредиттеу бойынша аккредиттеуден кейінгі көшпелі мониторингті Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінде (IQAA) өтуде. Мониторинг мақсаты - IQAA стандарттарына сәйкес сыртқы бағалау қорытындылары бойынша ескертулерді түзету және ұсынымдарды орындау бойынша ЖОО жұмысын бағалау. Университет 2018 жылы институционалдық, 2017 және 2019 жылдары бағдарламалық аккредиттеуден өтті.Мониторинг барысында сарапшылар аккредитациядан кейінгі кезеңдегі университеттің және жекелеген білім беру бағдарламаларының жетістіктерімен танысады.
Мониторингке бакалавриаттың 40 білім беру бағдарламасы қатысуда.
IQAA сарапшыларының тобы профессорлар, доценттер және жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан тұрады.