Жаңалықтар
Азияның Шығыс азия институттарының «Бір белдеу – бір жол» форумы аясындағы біріккен конференциясы 2017
- Қаралды: 463
2017 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында, тәжірибе алмасу, тиімді ынтымақтастық және тұрақты дамуды қамтамасыз ету шеңберінде, Азияның Шығыс азия институттарының Бір белдеу – бір жол форумы аясындағы біріккен конференциясы өткізілді, бұл конференцияға Орталық және Шығыс Азияның 30 елдерінен 100 аса өкілдері қатысты.
Ашылу салтанаты Бансомдеджчаопрая Раджабхат (Таиланд) университеті Президентінің орынбасары Вирот Ватананимитгулдің жетекшілігімен бастау алды.
Ашылу салтанатында, Бансомдеджчаопрая университетінің Президенті Линда Гаинма, (ҚХР)Тианджин педагогикалық университетінің Ректоры Джинг Хонгянг,Бангкок губернаторының орынбасары Ванвилай Промлакано, Конфуций Институттары Басқарма басшысының орынбасары Ксиа Джианхуй, Таиландтағы Білім министірінің орынбасары Панадда Дискул, Таиландтағы Қытай елшісі Лю Джиан кіріспе сөз сөйледі.
Пленарлық мәжілісті модератор, Бейджин педагогикалық университеті зерттеу институтының деканы Билян ХУ мырза ашты. Баяндама барысында, Билян ХУ мырза, арнайы шақырылған спикерлер: Таиландтың экс-қаржы министрі Сучарт Тхада-Тхамронгвеч, Түркия премьер-министрі кеңсесінің сттратегияларын дамыту жөніндегі директоры Х.Халил Афсарата, Пенджаб Университетінің ректоры (Пакистан) Заффар Муин Насар, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ж.Ү. Мырхалықов, (Біріккен Араба Әмірліктері) Дубай университетінің президенті Иса Мохаммед Бастаки мырзаға сөз берді, сөз сөйлеу барысында, олардың әрқайсысы, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мысалыға айтар болсақ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы өз сөзінде, «....Қазақстан Республикасында «Бір белдеу – бір жол» жобасы ерекше мәнге ие екенідігін және де бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың толығымен қолдайтындығын, сонымен қатар, бастаманың елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» ауқымды ұлттық бағдарламасының идеяларымен толық үндесетіндігін атап өтті. Сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы Еуразия тұтас континентінің архитектурасын өзгертіп қана қоймай, экономикалық және саяси дамудың әлемдік үрдістеріне ықпал етеді. Осылайша, «Бір белдеу – бір жол» жобасы планетарлық ауқымдағы жобаға айналады деп айтуға болады. Жібек-жолы бастамасын жүзеге асыру, тұта аймақтар,соның ішінде Орталық Азияны жаңа жаһандық контексте көрсетуге мүмкіндік береді».
Сонымен қатар, мамандар даярлау мәселесіне тоқталды, яғни бұл кадрлар кәсіби көптілді мамандар ғана емес, сондай-ақ аралас мәдени ортаға бейімделген, әріптес елдердің тарихын,-салт-дәстүрін құрметтейтін мамандар болуы тиіс екендігін, яғни, студенттерді тілдік даярлауда ЖОО-ның қосар үлесі ерекше екендігін атап өтті. Осындай білікті кадрларды дайындауда, қазіргі таңда 5-елдің 79- ЖОО-ын біріктіріп отырған, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Желілік универсиететі оңтайлы алаң болуы мүмкін, сондай-ақ мәдениеттердің өзара сіңісуі мен тарихты зерттеуге жағдай жасау басты мәселе болып табылатындығын айтты.
Конференцияның жабылу салтанаты барысында, ресми түрде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Таландтағы Бансомдейчаопрайа Раджабхат университетімен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қою рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселесі талқыланды.