Жаңалықтар
Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл Мәңгілік ел құру факторларының бірі
- Қаралды: 492
21.09.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның мәжіліс залында «Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл «Мәңгілік ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның бірінші проректоры Ж.Т.Әйменов ашты. Өз сөзінде, бүгінгі күннің маңызды мәселесі – өз тілін және тарихын білу екенін атап өтті. Тіл туралы алғашқы заң 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған еді. Содан бері бұл ҚР жыл сайын аталып өтуде. Мемлекеттік тіл – өркениетті, тәуелсіз мемлекеттің негізгі символы болып табылады. ҚР конституциясында мемлекеттік тіл - қазақ тілі екендігі айтылады. А.Байтұрсынов: «Ұлттың опат болуына алып келетін ең күшті нәрсе бұл өзінің тұған тілін білмеу» - деді. Заңның үстемдік нәтижесі ол, жақсы тілдік саясат. Және бұл дегеніміз: «Тіл – адамдардың қазынасы, ұлттың жаны». Тілдер күнімен құттықтап, денсаулық, сәттілік тіледі. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне, ұлттық кодымызды сақтауға атсалуға шақырды.