Жаңалықтар
2021 жылы 3 желтоқсанда республика және шетел мамандардың қатысуымен «ҚАЗАҚСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
- Қаралды: 494
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы Қазақ Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойының атап өту қарсаңында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын және 2021 жылдың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдаудың басты бағыттарын орындап, 2021 жылы 3 желтоқсанда республика және шетел мамандардың қатысуымен «ҚАЗАҚСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Ұйымдастырушы комитет конференция жұмысына республика және шетел мамандарын қатысуға шақырады және төменде аталған бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылауға ұсынады:
1. Қазақстан мемлекеті: генезис және түркі елдерінің этникалық жүйесінің эволюциясы;
2. Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезендері, жетістіктері және құндылықтары;
3. Тәуелсіз Қазақстанның технологиялық дамуы және саяси-экономикалық реформалары;
4. Елбасы - Тәуелсіздігіміздің мәңгі символы;
5. Цифрлы Қазақстан: білім және ғылымның даму серпіні, қоғамдық сананың жаңғырту үдерісі;
6.Тәуелсіз Қазақстанның ХХІ ғасырда өзекті салалардың өсуіндегі жаңа белестері
Конференция жұмысының барысында «Ғылыми зерттеулер» департаментінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» институтына қарасты ғылыми орталықтардың «Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктері» атты көрмесі ұйымдастырады және университет ғалымдарының жаңадан жарияланған ғылыми зерттеулер мен кітаптары көпшілік қауымға таныстырылады.
Конференция жұмысының нәтижесінде материалдар жинаққа шығарылады және белсенді қатысушыларға ауқымды ғылыми жаңалықтарымен бөліскені үшін арнайы дипломдар мен конференцияға қатысқаны жайлы сертификаттар беріледі. Баяндамалар мен мақалалар 2021 жылы 19 қарашаға дейін ұйымдастырушы комитетіне жолдау қажет.
Ұйымдастырушы комитет:
Шымкент қ., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Ғылыми зерттеулер» департаментінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» институты, «Тарих және этнология» ғылыми орталығы
/қатысушылардың мақалаларын тексеру және қабылдау, конференция жинағын дайындау, конференцияның бағдарламасын құру бойынша өтініштерді қабылдау/
700-029-00-29; 8-702-675-81-87; 8-701-647-15-14 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. хабарласуға болады.
Мақалалар 2021 жылдың 19 қарашаға дейін қабылданады. Толық ақпарат төменгі сілтемеде
_______
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз