Жаңалықтар
Президенттік олимпиада
- Қаралды: 893
- 22.10.2021 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында Шымкент қаласы білім басқармасының "Дарын" орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары А. Б. Сатановтың қатысуымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология) пәндер бойынша пәндік Президенттік олимпиадасының екінші (іріктеу) кезеңін өткізді.
- Жалпы қатысушылар саны 25, оның ішінде 5 оқушы Назарбаев зияткерлік мектебінен, 20 оқушы жалпы білім беру ұйымдарынан қатысты. Атап айтсақ, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясы, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебі, Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, №80 ІТ мектеп-лицейі және т.б.
- Жастық – бұла күштің құрсауын бұзатын, жаңа бастамаларға жол ашатын шақ. Демек, оны жақсы істерге бағыштау мен қолдаудың маңызы зор. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз