М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2021 жылдың 10-11 қараша аралығында "Өндірістік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2021" VIII Халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтуде.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2021 жылдың 10-11 қараша аралығында "Өндірістік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2021" VIII Халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтуде. 

Аталған іс-шара "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – Адамдар үшін жасампаздық уақыты" ұранымен және Дүниежүзілік Ғылым күніне орайластырылған.

         Конференция аясында Академик Оразалы Сәтімбекұлы Балабековтың 80 жылдығына арналған "АКАДЕМИК БАЛАБЕКОВ О.С - серіктес, ғалым және ұстаз" атты халықаралық дөңгелек үстелі өткізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық Инженерлік академиясының академигі, КСРО құрметті химигі, техника ғылымдарының докторы, профессор. Академиктің кәсіби қызметі ассистенттен ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорға дейінгі жолдан өткен М.Әуезов атындағы ОҚУ-мен (бұрынғы ҚазХТИ) тікелей байланысты.

        "Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары" кафедрасында (қазіргі уақытта "Технологиялық машиналар мен жабдықтар") 33 жыл, оның ішінде 25 жыл кафедра меңгерушісі болып жұмыс істей отырып, ол оқу процесіне мамандарды оқыту мен даярлаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін енгізді. О.С. Балабековтың ғылыми қызметі Қазақстанда жаңа ғылыми бағытты – химиялық технология мен өнеркәсіптік экология процестері мен аппараттарының теориялық негіздерін жасауға арналған.

Балабеков О.С. - 500-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 22 монография, 110 өнертабыс, МЕМСТ және төрт техникалық шарттар (ТУ), шет елдердің ғылыми қоғамдастықтары мен академиялары таныған 3 ғылыми жаңалық пен ғылыми гипотезаның авторы.

Академик Оразалы Сәтімбекұлы Балабековты еске алуға арналған дөңгелек үстел шет елдерден көптеген танымал ғалымдарды жинады.

Құттықтау сөздерімен Ресей ғалымдары Федосов Сергей Викторович, Кулов Николай Николаевич, Блиничев Валериан Николаевич; Украина – Пляцук Леонид Дмитриевич; Беларусь – Левданский Александр Эдуардович; Өзбекстан – Закиров Санат Гапурович; Қырғызстан – Маймеков Зарлык Капарович, сондай – ақ танымал отандық ғалымдар – Кальменов Тынысбек Шарипович, Шевко Виктор Михайлович және т.б. сөз сөйледі.

Өз сөздерінде олар Оразалы Сәтімбекұлымен бірге жұмыс істеген жылдарын жылы шыраймен еске алды.  Академик О.С.Балабековтың іскерлік, ұйымдастырушылық және адами қасиеттерін атап өтті.

Ғалымдар жыл сайынғы конференцияны өткізу туралы тілектерін білдірді. Академик Оразалы Сәтімбекұлы Балабековты еске алуға арналған дөңгелек үстелдер, форумдар, онда ғалымның серіктестері мен шәкірттері ғылыммен және қазіргі заманғы инновациялық үрдістермен байланысты өзекті мәселелерді талқылай алады.

Дөңгелек үстел соңында Оразалы Сәтімбекұлы Балабековтың жұбайы Сандыбаева Нұржамал Әнуарбекқызы барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, конференция ұйымдастырушылары мен дөңгелек үстел модераторы Александр Анатольевич Волненкоға алғыс білдірді.

 
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.