Жаңалықтар
«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономикалық теория» кафедрасының э.ғ.к., доценті Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовна ашық практикалық сабақ өткізді
- Қаралды: 723
«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономикалық теория» кафедрасының э.ғ.к., доценті Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовна 2021 жылдың 7 желтоқсан күні СМ-20-5к1 тобында «Кәсіпкерлік дағдылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық практикалық сабаққа кафедра оқытушылары, оқу-әдістемелік орталығының басшысы Хамитова Б.М., «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитеті төрайымы Арапова К.М. қатысты. Семинарда студенттер өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар дайындады: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық». Баяндамалар тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар мен пікірталас тудырды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жастарға арнаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты жолдауы талқыланды. Тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс орнату үшін оқытушы «Білім ағашы» әдісін қолданды және оны экономика, логика, психология, тарих, информатика және т.б пәндермен байланыстырды. Ұялы байланыс және интерактивті тақта арқылы студенттердің білімін бағалау үшін «Kahoot» ойын алаңы қолданылды. Э.ғ.к., доцент Мергенбаева А.Т. ашық практикалық сабағында тақырыпты толықтай аша білді.