Жаңалықтар
"Пән мен тілді кіріктіру әдістемесін оқыту" біліктілікті арттыру курсы
- Қаралды: 548
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Қосымша білім беру орталығы мен Білім беру бағдарламаларының менеджменті орталығы бірлесіп жоғары оқу орындарының ағылшын тілінде сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін және кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында 2022 жылдың 10-21 қаңтар мерзімі аралығында «Пән мен тілді кіріктіру әдістемесін оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Курстың тақырыптар аясы:
- үштілді оқу бағдарламасындағы CLIL әдісі;
- кіріктірілген білім бағдарламасы – нәтижеге бағытталған оқу жүйесі;
- ағылшын тілі және бейіндік пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдары және тәсілдері;
- оқу мен жазу арқылы сыни ойлау технологиясының стратегияларын кіріктірілген сабақ барысында қолданудың әдіс-тәсілдері;
- жобалап оқыту технологиясын кіріктірілген сабақ барысында қолданудың тиімді жолдары және т.б. қамтыды.
Біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламасы 72 сағатқа жоспарланып, курсты аяқтаған тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз