Жаңалықтар
Баспассөз хабарламасы
- Қаралды: 467
11 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың конференц-залында АҚШ-ң ЖОО-ң өкілдері Др. Оксана Карлсонмен -Johns Hopkins University Carey Business School және Кейт Дэвиспен - Rochester Institute of Technology университет басшылығы мен студенттер арасында кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – АҚШ-ң ЖОО-на магистратураға және PhD докторантураға түсуге қызығушылық танытқан студенттерге, магистранттарға және жас мамандарға семинар өткізу.
Кездесу барысында Др. Оксана Карлсон мен Кейт Дэвис өздерінің университеттері жайлы презентация жасады және семинардың келесі тақырыптарын талқылады:1) АҚШ-ғы армандаған университіңе түсу үшін «Үздік құжаттар пакетін» қалай даярлау қажет, 2) Халықаралық студенттердің құжаттарын қалай бағалайды, 3) АҚШ ЖОО-да халықаралық студенттерге қаржылай көмек түрлері.
Кездесу соңында шетел өкілдері қатысушылардың АҚШ ЖОО-да оқу мәселесі бойынша барлық сұрақтарына жауап берді.