Жаңалықтар
Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы
- Қаралды: 476
27.10.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның мәжіліс залында «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараны университет ректоры, профессор, ҚР ҰҒА Академигі, т.ғ.д Ж.Ү.Мырхалықов ашты. Өз сөзінде кеше 26.10.2017 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев латын әліпбиінің соңғы нұсқасын қабылдап жарлыққа қол қойды. Ол жарлықта 2025 жылға дейін еліміз латын әліпбиіне өтуін талап етті. Сол үшін барлық оқу орындары мен мекемелерде латын әліпбиіне өту жұмыстары жоспарлы жүргізілуіне көңіл бөлу қажеттілігін айтты. Университет ректоры университет оқытушы-профессорлар құрамын латын әліпбиіне өту жарлығымен құттықтады. Сөз кезегі «Филология» факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Б.М.Тлеубердиевке берілді. Өз сөзінде латын әліпбиіне өту біздің мемлекеттің алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болуға жол ашатынын айтты. Латын әліпбиіне бізден бұрын өткен мемлекеттердің жіберген қателіктерін біз жібермеуге толық мүмкіндігіміз бар. Университет ректоры университет оқытушы-профессорлар құрамын, бірлесе жұмыс істеп латын әліпбиінің маңыздылығын Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендеріне жеткізу үшін, жұмыс топтарын құрып, насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.