Жаңалықтар
«Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар тренинг
- Қаралды: 520
2022 жылдың 20 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде университеттің стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға және «Назарбаев Университетінің» тәжірибесін енгізуге бағытталған «Білім берудегі көшбасшылық» курсы аясында «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар тренинг өтті.
«Назарбаев Университеті» қауымдастырылған профессоры Дүйшонқұл Шаматов білім беру процесіне академиялық адалдық қағидаттарын табысты енгізу тәжірибесімен бөлісіп, академиялық адалдық құндылығы болып табылатын ортаны құру үшін академиялық адалдықтың алғышарттарын анықтау қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда білім алушылардың жоғары үлгерім көрсеткіштерін көрсетуге ұмтылған ортада алдау мен көшіруге деген азғырудың пайда болуы сөзсіз және оны болдырмау үшін білім беру мәдениетін және білім алушылардың этикалық нормаларын дамыту қажеттігі аталып өтті.
Сондай-ақ, Академиялық адалдық қағидаларын енгізу және сақтау тетіктері талқыланды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз