Жаңалықтар
Негізгі ұбт-ға өтініш қабылдау басталды
- Қаралды: 585
ҰБТ-2022 қандай өзгерістерге толы?
Енді талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Бұл ретте екі мүмкіндікте де тек бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.
Алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы 68,5 балды құрады. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды, ал ең үздік көрсеткіш - 135 балл.
Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.
Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.
Пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Ал тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.
Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді.
ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.
Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз