Жаңалықтар
Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтуде
- Қаралды: 435
Бүгін, 2022 жылғы 13 мамыр Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Білім министрліктерінің, ОА елдерінің жоғары оқу орындарының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтуде.
“Жаһандық бәсекеге қабілеттілік, жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттерінің ұтқырлығы" тақырыптық сессиясы аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д. П. Қожамжарова Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ғафурзода Абдухалил Давлаталидің баяндамасына дискуссиялық сөз сөйледі.
Д.П. Қожамжарова өз сөзінде Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді даярлауды тек ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ғана емес, сонымен қатар отандық жоғары оқу орындары да жүзеге асыратынын атап өтті. М. Әуезов атындағы ОҚУ Болон процесі аясында мемлекеттік қызметшілерді оқыту тәсілдерін қайта форматтаған, мемлекеттік қызметшінің құзыретін күшейте отырып, оның негізіне құзыреттілікке және практикаға бағытталған тәсілдер салынған "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасын жаңартты. Сөз соңында пікірсайысшы дипломдарды тану рәсімін жеңілдететін, ОА елдері үшін білім беру жүйелері мен біліктіліктердің үйлесімділігін жеңілдететін бірыңғай білім беру кеңістігін құру мәселесін атап өтті.