Жаңалықтар
Бүгін – барша қазақстандықтар үшін тарихи күн, себебі әр азамат еліміздің болашағын бағдарлайтын өзгерістерге дауыс береді
- Қаралды: 480
Бүгін – барша қазақстандықтар үшін тарихи күн, себебі әр азамат еліміздің болашағын бағдарлайтын өзгерістерге дауыс береді. Мен де өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.1995 жылы қарашада Қазақстанда «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданғаннан бері, ел Конституциясына 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алайда, ол өзгерістерді қабылдау барысында Референдум өтпеді. Референдум – демократияның маңызды құралы. Өйткені Референдум саяси маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей халықтың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Жалпы, Референдум – Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам. М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында орналасқан №101 сайлау учаскесінде сайлаушылардың арасында алғашқылардың бірі болып еңбек ардагерлері Пернебек Қалыбай, Медеуов Шерім Медеуұлы, Құлмажитов Шаки Нұртайұлы, Жамал Жаманкөзова өз таңдауларын жасады. Бүгін өз таңдауымды жасай отырып, әрбір азамат Жаңа Қазақстанды құру арқылы еліміздің тағдырына оң әсер етеді деп ойлаймын.
М.Әуезов атындағы ОҚУ
Басқарма Төрағасы-Ректор
Д.П.Қожамжарова
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз