Жаңалықтар
Әуезов Университетінің студенттері Бөкетов Университетінде қонақта
- Қаралды: 675
Бүгінгі күнгі сапарын Әуезов университетінің студенттері Бөкетов университетімен танысудан бастады. Студенттерді Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры М.Сыздықов қарсы алды.
Жастар Студенттер үйін, спорттық нысандарды, «Жастар» орталығын, Студенттер сарайын аралап шықты.
Аяулым ЛЕСБАЕВА, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2 курс студенті:
-- Қарағанды Бөкетов университеті қатты ұнап жатыр. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша күзде бір семестр осы жақта журналистика мамандығында оқуды жоспарлап отырмын. Бұл университеттің бір ерекшелігі -- түлектерінің ауызбіршілігі мығым екен. Елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те осы жерде білім алыпты. Бұл бізге ерекше әсер сыйлауда. Бөкетов университетінің іші сондай жанға жайлы. Жан дүниеңді жайландырар ерекше аурасы бар. Бір демалып қалдық.
«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Бөкетов университетіне қазақтың қос алыбы Абай мен Мұхтар жайлы жазылған кітаптарды тарту етті.
Бөкетов университетіндегі сапарын аяқтаған жалынды жастар әрі қарай Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» музейіне аттанып кетті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз