Жаңалықтар
"Қазақстан халқына" Қоры 2 350 мектеп түлектері мен студенттерге тегін жоғарғы білім алуға мүмкіндік берді
- Қаралды: 518
«Қазақстан халқына» Қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.
Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.
Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен Қордың сайтында танысуға болады: qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлер мен студенттерден гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір ЖЖОКБҰ-ға 10 грантқа дейін, ұлттық ЖЖОКБҰ үшін 20 грантқа дейін көбейтілді.
Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850. Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:
-
ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;
-
жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;
-
мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.
Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерге берілетінін атап өту қажет.
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру грантына үміткерлер (талапкерлер) таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10-17 тамыз аралығында өтінім береді. Талапкерлер арасында «Қазақстан халқына» ҚҚ грантына үміткерлерді іріктеуді ЖЖОКБҰ (университеттер) жанында жұмыс істейтін қабылдау бөлімі немесе кез келген басқа комиссия білім беру гранттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырады
Сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның ақылы бөлімшелерінде оқитын студенттерге «Қазақстан халқына» Қорының қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі. ЖЖОКБҰ-ның ағымдаға студенттері үшін білім беру гранттарының саны әрбір жоғарғы оқу орнына квота айқындалмай, 1500-ге дейін ұлғайтылды.
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алады:
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
- толық емес отбасыдан, мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-анасының біреу немесе екеуі де мүгедектігі бар болып келетін студенттер.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның гранты мен шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) 01-25 тамыз аралығында:
- «Taiburyl» ҚБ сайтында: https://www.taiburyl.kz/
- ҚазМЗУ студенттері «ҚазМЗУ эндаумент» корпоративтік қорының сайтында https://endowment.kazguu.kz/ru / - онлайн өтінім бере алады.
«Taiburyl» ҚБ және «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ аталмыш бағдарламаның серіктестері болып табылады, студенттерден (ЖЖОКБҰ-ның ақылы бөлімшелерінде оқитын және қор қаражаты есебінен оқуын жалғастырғысы келетіндерден) өтінімдерді қабылдау және өңдеу үшін өтеусіз өз техникалық алаңын ұсынады, осылайша «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда Қордың серіктестері болып табылады. Студенттер арасында грантқа үміткерлерді іріктеуді «Taiburyl» ҚБ және «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ жанында құрылған комиссия жүзеге асырады.
Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасында 79 білім беру ұйымы (ЖЖОКБҰ) және білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйымы: «Taiburyl» ҚБ және «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ қатысады.
Бағдарламаға қатысатын оқу орындарының тізбесі, қабылдау комиссияларының байланыс телефондары және толық ақпарат «Қазақстан халқына» ҚҚ сайтында жарияланған – qazaqstanhalqyna.kz
Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.
Грант алушылар қабылдаушы университеттің академиялық талаптарын ұстануы тиіс және бағдарлама бойы толық оқу курсынан өтуге міндетті. Бұл шарттың орындалмауы қаржылық қолдауды тоқтатуға негіздеме болуы мүмкін