Жаңалықтар
Жас ғалымдар, тек қана алға!
- Қаралды: 521
2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» бағыты бойынша, тақырыбы АР14972664 «Ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін және топырақтың құнарлығын арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын әзірлеу» жобасы ұтып алынды.
Жобаның мақсаты - ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін және топырақ құнарлығын арттыру үшін көмір қалдықтары негізінде құрамында гуматқұрамдас тыңайтқыштар алудың технологиясын әзірлеу. Бұл технология негізінде топырақ құнарлылығын, өсімдік өнімділігін арттыру және көмір өндісінің қалдықтарын кәдеге жарату мәселелерін шешеді. Гуматқұрамдас тыңайтқыш егіс алдындағы және егін жинаудан кейін кезеңде топырақтың құнарлығын қалпына келтіру үшін қажет. Оның басты артықшылығы – қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді және алынатын дақылдың тағамдық құнарлығын төмендетпейді. Ұсынылатын өнімнің негізгі тұтынушылары ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары, мұндағы гуматқұрамдас тыңайтқыш топырақ құнарлылығын арттыру, өнімділікті арттыру, өсімдіктердің қоршаған ортаның өзерістеріне төзімділігін арттыру және астық сапасын жақсарту үшін қолданылады.
«Жас ғалым» грант иегері PhD, жас ғалым Смайлов Бакыт Маткаримулы. Құттықтаймыз!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз