Жаңалықтар
Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль мырзаның М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары
- Қаралды: 499
Халықаралық ынтымақтастық аясында 2017 жылы қараша айының 10-шы жұлдынызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль мырза бастаған делегация келді. Іс-сапар барысында, делегация М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор Сабырханов Дархан Сабырханұлымен кездесті, кездесу кезінде тараптар ОҚМУ мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты және ұсыныстар жасалды.
Рольф Мафаэль мырза ОҚМУ-нің оқытушылары және студенттерімен кездесу кезінде "Германия және Еуропалық одақ"тақырыбында баяндама жасады, өз баяндамасында Германия тарихының қалыптасуы мен негізгі экономикалық жетістіктерінің маңызды кезеңдерін қысқаша сипаттады. Сонымен қатар, Қазақстандағы DAAD (Герман академиялық алмасу қызметі) ақпараттық орталығының директоры Бартоломеус Минковски студенттерге Германияда білім алу мүмкіндіктері туралы айтты және DAAD стипендиялық бағдарламаларына қатысу шарттарымен таныстырды, Алматыдағы Гёте-Иститутының директоры Ева Шмит ханым Институтының қызметі жайлы қысқаша мәлімдеді және неміс тілі мұғалімдері мен неміс тілін оқуға қызығушылық танытқан студенттерге тілдік курстарға, мастер-кластарға және семинарларға қатысу мүмкіндіктері жайлы айтып берді.