Жаңалықтар
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕГАПОЛИСТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК АЙМАҒЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КООПЕРАЦИЯСЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, ІЗДЕНІСТЕРІ ЖӘНЕ ШЕШІМДЕРІ»
- Қаралды: 471
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ, 24-25 қараша 2017, Шымкент. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
«Қазақстандағы мегаполистердің аграрлық азық-түлік аймағы және ауыл шаруашылығының кооперациясы: мәселелері, ізденістері және шешімдері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясы өткізіледі.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президенттің Жолдауында, Қазақстан әлемде ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі болуы қажет. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс деп айтып өткен еді.
Осыған орай, жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, ҚР БжҒ министрлігі «Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» атты ғылыми бағыт ендірді. Сондықтан халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін жан-жақты зерттеулерді ұйымдастыру қажет болып отыр.
Қазіргі уақытта барлық ғылыми бағыттар өте қарқынды дамып келеді. Зерттеу нәтижелерін жариялау ғалым үшін өте жауапты және маңызды қадам болып табылады. Ғылыми қауымдастықтың басты назарына лайықты көптеген жаңа өзіндік идеялар, теориялар туындауда. Сонымен қатар, жарияланымдардың болуы диссертация қорғаудың ең алғы шарттарының ірі болып табылады.
Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер конференция жұмысына қатысуға шақырылады.
Ғылыми бағыттар
Мегаполистердің аграрлық азық-түлік аймағы, ауылшаруашылық ұжымдарды дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің тиімділігін арттыру шаралары |
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы және экологиялық аспектілері | |
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру технологиялары |
|
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің техникалық құралдары мен машина технологияларын дамытудың негізгі бағыттары |
|
Ауылдық тауар өндірушілерді қолдаудың экономикалық механизмі және қаржы-несие жүйесі |
|
Агроөндірістік кешенді құқықтық тұрғыдан реттеуді жетілдіру |
Мақала беру
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Ұйымдастыру жарнасы 3500 тенге
Мақала 2017 жылдың 5 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы немесе төмендегі мекен-жайда қабылданады.
160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №16 ғимараты, 1 қабат, 3 каб.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: PhD докторы Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:
Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-19-89
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«М. Әуезов атындағы ОҚМУ» ШЖҚ РМК банк деректемелері:
ЮКФ АО «Цеснабанк»
РНН: 582100003432
ИИК: KZ 81998STB0000109568
БИК: TSESKZKA
Кбе 16
БИН: 990240005557
ОКПО 39140473
Код ОКЭД 85321