Жаңалықтар
Жаңарудың жарқын жолы
- Қаралды: 497
Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Елбасымыздың биылғы жылғы халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау өтті.
Жиында факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек Нұрмаханұлы сөз алып, осынау стратегиялық құжаттың еліміздің өсіп-өркендеуіне мейлінше өз ықпалын жүргізетіндігін баса айтып, ондағы басым бағыттарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен бірге ол бұл Жолдаудың экономикамызды көтерумен бірге, рухани жаңғыруға бет алған қоғамымызға жаңа міндеттер жүктейтіндігін де айта кетті.
Өз кезегінде сөз алған факультеттің аға кураторы А.Жанбай, аға оқытушылар Қ.Мырзабеков, Ж.Нургалиева т.б Жолдаудағы саяси ұтымды ұсыныстар мен басым бағыттарға жеке-жеке тоқталып, өз ой-пікірлерін білдіріп жатты. Талқылау соңында Жолдауды студенттер мен тыңдаушыларға кеңінен түсіндіру мен насихаттау бірауыздан қолдау тауып, академиялық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бұл жайында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болды. Сондай-ақ баспасөз беттерінде материалдар жариялау да назардан тыс қалған жоқ.