Жаңалықтар
«Ана – сен бақыттысың!»
- Қаралды: 474
6-наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде өнерлі жастардың ұйымдастыруымен «Ана – сен бақыттысың!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Көктемнің көрікті мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған бұл кешке факультетіміздің студенттері мен тыңдаушылары, оқытушылары мен оқу орнымыздың тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Гүлжан Орынбекова қатысты.
Өз кезегінде факульетіміздің деканы, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек мырзаға ардақты аналарымызды, аяулы қыздарымызды, студент жастарды осынау төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, өміріміздің мәні де, сәні де болған абзал жандардың дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ тәрбие бөлімінен келген Гүлжан Орынбекова көпшілікті осынау мерекемен құттықтап, мерекенің мән-маңызы мен тарихы туралы аз-кем әңгіме өрбітті. Мерекелік шараны факультетіміздің өнерлі өрені Тілек Серік жүргізіп отырды.
Кеш барысында таланты тыңдаушымыз Мәден Арай «Аяулы анам» әнін, Сәулебек Мерей «Ата-ана» әнін әуелете шырқаса, Шахмұрат Динара «Асыл әже» әнін шабыттана орындады. Сондай-ақ мың бұралған бишіміз Тоқтасын Жазираның өнері де көңілді кешке жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.