Жаңалықтар
Астанада қазақ-өзбек жастарының конгресі өтті
- Қаралды: 381
Қазақстан мен Өзбекстан жастары ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік және креативті индустрия салаларын бірлесе дамытуды жоспарлап отыр.Конгреске екі елдің белсенді жастары жиналды.Аталған іс шараға ОҚУ-нің Жастар орталығының директорының орынбасары Анарханұлы Ерасыл қатысты.
Астанада басталған қазақ-өзбек жастарының Бірінші Конгресінде алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жоспарлар талқыланды.Айта кетейік, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің елімізге сапары кезінде екі ел жастарының І Конгресін өткізу туралы бірлескен шешім қабылданған болатын.
Бахтиер Мирзатов, Өзбекстан жастар ісі жөніндегі агенттігінің Наманган облыстық басқармасының бастығы: - Өзбекстаннан жастар делегациясымен келдік. Екі ел президенті осы жастар саясатына көп көңіл бөліп отыр. Достық қарым-қатынаста келісімдер бар. Енді жастар конгресін біз Өзбекстанда да өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараның маңыздылығы – ол бір-бірімізбен IT және медиа саласында тәжірибе алмасып, алдағы әріптестікті одан әрі дамыту.
Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары: - Өте қызықты кездесу деп ойлаймын, өйткені бәріміз үшін бір-бірімізбен тәжірибемізді алмасып, барымызбен бөлісіп, келген қонақтардан тәжірибелерін тыңдап бір жақсы құнды ақпараттар алып жатырмыз. Ол жастар үшін өте маңызды, неге десеңіз, қазір көрші мемлекеттермен қарым-қатынасымыз тек экономикалық, сауда жағынан ғана емес, жастарымыз да тығыз айналысуы керек деп ойлаймын. Бұл – болашаққа жақсы бір инвестиция.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз