Жаңалықтар
Педагогтік қайта даярлау курстары басталды
- Қаралды: 558
ҚР БҒМ 17.03.2020 жылғы №110 «Педагогикалық қайта даярлау ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті педагогикалық емес кәсіптік білімі бар азаматтарға арналған педагогтік қайта даярлау курстарын жүзеге асыра бастады. Аталған курстар қазіргі заманғы педагогтік, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктер мен инклюзивті білім беру дағдыларына ие тұлғаларды қайта даярлау арқылы өңірде және республика бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу мүмкіндігін береді.
Педагогтік қайта даярлау білім беру бағдарламасының мазмұны салалық біліктілік шеңберінің кәсіби стандарттарына, жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің даярлау бағыттары мен ұсынымдары бойынша білім саласын қазіргі заманғы дамытуға сәйкес әзірленіп, «Педагогикалық және кәсіби құзыреттілік», «Педагогикалық шеберлік», «Пәндік» және «Қорытынды аттестаттау» модульдерінен тұрады.
2023 жылдың 30 қаңтарынан басталған курстарда 12 тыңдаушы 7 білім беру траекториясы бойынша білім алуды бастады.