Жаңалықтар
Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен кәсіби әріптестік
- Қаралды: 464
Университетімізде ел өндірісіне орта буын мамандарын даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің инеженер-педагог кадрларының біліктілігін арттыру, олардың әдістемелік және тәжірибелік білімдерін байыту бойынша әріптестік қолдау көрсету бағытында көптеген игі шаралар атқарылауда. Осы бағытта Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі оқу жылының басынан бері колледждердің оқытушыларына арналған «Құзіреттілікке негізделген модульдік оқыту бағдарламаларын даярлау және енгізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып келеді.
Биылғы оқу жылында осы курстың тыңдаушылары қатарында: Ордабасы ауданындағы № 18 колледждің, Төлеби ауданындағы № 9 колледждің, Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінің, Жетісай медицина колледжінің, Сайрам ауданындағы ОҚ индустриалды-инновациялық колледждің, А.Яссауи ат. Түркістан кәсіби колледжінің, Қазығұрт ауданындағы № 11 колледждің, Сарыағаш ауданыныдағы Арыстанбаб колледжінің, Сарыағаш қаласындағы № 12 колледждің, Шымкент қаласындағы № 2 колледждің, Мирас колледжінің, Шымкент медицина колледжінің, Жоғарғы және жаңа технологиялар колледжінің, Шымкент жол-көлік колледжінің, М.Тынышпаев ат.ҚККА Шымкент көлік колледжінің, ОҚ политехникалық колледжінің және Қызылорда облысындағы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің оқытушылары біліктілігін арттырды.
Cәуір айының 3-і мен 07-і мерзімі аралығында ұйымдастырылған курста колледж оқытушылары төмендегі тақырыптар бойынша білімдерін шыңдады:
- Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу-өндірістік үрдісті модернизациялау мәселелері мен міндеттері;
- Құзіреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламаларын даярлау және ендіру;
- Модульдік оқытудың маңызы және МОБ циклдары, құрылымы, бағдарламаларды жобалау кезеңдері;
- Модульдік жүйе негізінде білімгерлердің білімін бағалау ерекшеліктері.