Жаңалықтар
Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізу
- Қаралды: 344
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті, Іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 29.04.2016ж. сағат 1100 және 1500 факультет, жоғары мектеп және кафедралар бойынша іс-тәжірибеге жауапты тұлғаларға “Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізу” тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры С.Назарбекова алғы сөз сөйлеп, Іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімінің жетекшісі студенттердің кәсіби іс-тәжірибелерін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығындағы өзгертулермен таныстырып, семинар қатысушыларымен талқыланды. Аталмыш өзгерістер ағымдағы оқу жылында өтетін студенттердің кәсіби іс-тәжірибелеріне енгізілетіні есепке алынды.