Жаңалықтар
ҚР ҒжЖБМ жаңа реттеушілік саясатының құқықтық негіздеріне арналған семинар және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тренинг. 2 ші күн
- Қаралды: 293
20.01.2023 М.Әуезов атындағы ОҚУ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Білім беру бағдарламаларының менеджменті орталығы семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты: Педагогикалық ұжымды жаңа «таза парақ» нормативтік реттеу саясатымен таныстыру және инновациялық білім беру бағдарламалары мен оқыту нәтижелерін әзірлеу бойынша оқыту.
Семинар жұмысына академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры А.С. Наукенова, директордың орынбасары С.С. Пернебеков, білім беру бағдарламалары менеджменті орталығының бастығы Г.М. Адырбекова қатысты. "Ақпараттық технологиялар және энергетика" ЖМ, «Механика және мұнай-газ ісі» және Тарих және педагогика факультеттерінің 100-ге жуық ОПҚ тренингке қатысып, ҚР ЖжЖООКББ МЖМБС (20.07.2022 ж. №2 ҒжЖБМ бұйрығы) ескере отырып, пәндер бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу дағдыларына ие болды.