Жаңалықтар
Industrial Technologies and Engineering халықаралық конференциясының еңбектері РҒДИ-де
- Қаралды: 410
Басылымдардың, соның ішінде халықаралық конференциялар еңбектерінің жинақтарын халықаралық ғылыми библиометрикалық кеңістікте интеграциялау, сонымен қатар ғылыми еңбектерді оқырмандар арасында кең тарату мақсатында, ШЖҚ РМК «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» және ЖШҚ «Ғылыми электрондық кітапхана» арасында Industrial Technologies and Engineering халықаралық конференциясының еңбектерін Ресейлік ғылыми дәйек индексі (РҒДИ) кіретін Интернет желісіндегі интеграцияланған ғылыми ақпараттық ресурсқа ендіру үшін лицензиялық келісім-шартқа қол қойылды.
Ғылыми электронды кітапхана Электронды кітапханалық жүйесі - http://elibrary.ru сайтында орналасқан Ресей Интернет аймағындағы ҒЭК ақпараттық ресурсы, оның толық нұсқасына Интернет желісі арқылы авторластырылған қатынау қамтамасыз етіледі.
Аталмыш жетістікпен құттықтай отырып, университетке ғылымның әлемдік кеңістігінде көптеген табыстар тілейміз!