Жаңалықтар
Мультимедиялық технологияны қолдану арқылы "Шымкент - менің сүйікті қалам..." атты электронды оқу құралының презентациясы өтті
- Қаралды: 363
“Туған жер” деген кезде әрбір адамның жүрегінде еріктен тыс әлдебір ыстық сезімнің пайда болатыны даусыз.
Өйткені әр адамның кіндігі сол жерге байлаулы.Туған жерге деген патриоттық сезімді жастардың бойына сіңіріп, қандарына дарыту үшін , “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында “Туған жер” бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламаның ең басты мақсаты:“Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді”. Осы бағдарлама негізінде ОҚМПУ-дің ұстаздары, филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі кафедрасының доценті Стычева Ольга Андреевна мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі” кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты Алтынбекова Гүлжан Құлжабайқызының “Шымкент- менің туған қалам” атты электрондық оқу құралы кітабы студенттер қауымына жол тартты.
4 сәуір күні осы оқу орнында кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер кешіне Шымкент қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының бас менеджері Сыздықбаева Роза,”AMANAT” партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі , PhD докторант Байқонысов Ербол сол сияқты ғылым кандидаттары, ұстаздар, магистранттар, студенттер қатысты.
Жиналған көпшілік тұсаукесер кештен қаланың өткені мен бүгінгісінен, тарихынан пайдалы мағлұматтар алды. Кеште кітаптың арнайы лентасы кесіліп, оқу орнының кітапханасына сыйға тапсырылды.
Тұсаукесерден рухани күш алған көпшілік авторларға алғысын айтып тарасты.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз