Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың түлектеріне арналған «Жас маман - 2023» бос орындар жәрмеңкесі өтті
- Қаралды: 417
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығы Шымкент қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығымен бірге университетіміздің бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман - 2023»бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты мақсаты жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету болып табылады. Нақтырақ айтсақ кәсіпорындар, ұйымдар, білім беру мекемелері және басқа да жұмыс берушілерді жәрмеңкеге шақырып, оларды түлектермен кездестіріп, жұмысқа орналасуы туралы алдын-ала келісімдер жасау. Өткізілетін іс-шара барысында түлектер мен жұмыс берушілер арасында тікелей қарым-қатынас орнатып, әрі қарай жұмысқа орналасуға көмек көрсету болып табылады.Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру ұйымдары басшылары, облыстық және аймақтық кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері: «Рахат Шымкент» ЖШС, «Фудмастер» ЖШС, «Бөрте милка» ЖШС, «Бал текстиль» ЖШС, ДП ОРТАЛЫК ЖШС, СП Акбастау АҚ, АППАК ЖШС, СП ЮГХК ЖШС, ЖШС «Asia trafo», «Казфосфат» ЖШС (Тараз қ.), Астана қаласы полиция департаменті және басқада құзырлы органдар өкілдері қатысып, студенттерімізге жол көрсетті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз