Жаңалықтар
Халықаралық химиктер күніне орай профессор үйлесбек бестереков атындағы зертхана ашылды
- Қаралды: 457
2023 жылдың 30 - мамырында халықаралық химиктер күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде көрнекті ғалым-ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор Үйлесбек Бестереков атындағы зертхананың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
- Іс-шара барысында университететіміздің Басқарма төрағасы- Ректор Қожамжарова Д.П. оқытушы-профессор құрамын арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Сондай ақ, жас химиктер тарапынан жиналған қауымға химиялық элементтер арқылы зерттеулер көрсетілді. Ғалым Үйлесбек Бестерекұлы бүкіл саналы ғұмырын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (оның ішінде-Қазақ химия-технология институтында) студент - жастарға білім беру, оларды ғылымға баулу жұмысына арнаған. Бестереков Үйлесбек Бестерекұлы, өзінің көзі тірі болғанда, дәл осы күні 77 жасқа толар еді. «Дүниеде жақсының аты мен ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығына сай, оның артында қалдырған мол ғылыми мұрасы - өскелең ұрпаққа аманат. Бестереков Үйлесбек Бестерекұлы кандидаттық, докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, университетте аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, «Қазақстан Республикасы Су ресурстары сапасына мониторинг зертханасының» меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. «Бейорганикалық заттар технологиясы» кафедрасын Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ірі ғылыми-білім беру орталығына айналдыруға көп еңбек сіңірді.
- Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбектері отандық және шетелдік рейтингілік басылымдардан жарық көрді. Олардың ішінде 30-дан астам өнертабыстық авторлық куәліктер мен патенттер, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, электрондық оқулықтары бар. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, 5 докторлық (PhD), 15-тен астам магистрлік диссертациялар қорғалды.
- Үйлесбек Бестерекұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «М.Әуезов атындағы ОҚУ» мерейтойлық және т.б. медальдарымен марапатталған.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз