Жаңалықтар
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ AUEZOV UNIVERSITY БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- Қаралды: 328
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім алушыларымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру.
Іс-шараға университеттің жоғары мектеп және факультеттерінен 150-ге жуық білім алушылар, белсенді студенттер мен «Жемқорлыққа қарсы волонтер» жобасының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Мажинбеков, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, жас ғалым Ә.Исабек адалдық және парасаттылық құндылықтарын насихаттады.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев қоғамдағы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызын, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндіріп, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға үлес қосуға шақырды.
Университеттің бірінші проректоры Қ.Нұрманбетов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар және академиялық адалдықты тұрақты ілгерілету туралы хабарлады.
2023-2024 оқу жылының басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру, мәдениетті қалыптастыру және кері байланыс арналарын хабарлау мақсатында университетте 15 кездесу өткізіліп, 1-курсқа қабылданған 7 500-ге жуық білім алушы адалдық дәрісін тыңдады.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз