AUEZOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ АЗИЯ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 
22-28 қазан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы параакадемиялық ескек есуден жоғары нәтиже көрсетіп, үздік төрттіктің сапына енді.

Темірхан Дайырбек – Қазақстанның параакадемиялық есу спорты тарихында тұңғыш рет әлемдік спорт додасына қатысушы ретінде спорт жылнамасына еніп отыр. Бұған дейін ол Сербияда өткен академиялық және параакадемиялық ескек есуден әлем чемпионатында бақ сынап, жоғары межеге қол жеткізген болатын.

Талантты спортшыны Auezov University Басқарма төрағасы – Ректор Дария Қожамжарова арнайы қабылдап, спорттағы жетістіктерімен құттықтады.

«Талантты студенттер – оқу орнының мақтанышы, абыройы мен беделі. Біздің университетте әлемдік дүбірлі спорт жарыстарында бақ сынап, жеңіске жеткен студенттер айтарлықтай көп. Соның бірі – өзіңіз. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жетуіңізге шынайы көңілмен тілектеспін», – деді Дария Қожамжарова.

Бүгінде «Архитектура» мамандығында білім алатын Темірханның спорттағы бапкері Фарух Хамракулов жас спортшының болашағынан үлкен үміт күтеді.

«Параакадемиялық спортты дамыту еліміз бойынша тұңғыш рет Түркістан облысында қолға алынуда. Бүгінде бұл бағытта көптеген нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Нәтиже де жоқ емес. Темірханның аз ғана уақыттың ішінде осындай жетістікке жетуі –сөзімізге айқын дәлел бола алады», – дейді Фарух Хамракулов.

Айта кетейік, IV Азия паралимпиада ойындарға Қазақстан Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысты. Биылғы сары құрлық біріншілігінде ел құрамасының спортшылары 41 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде. Осы көрсеткішпен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте алғашқы 11 құраманың қатарынан көрінді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.