АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫ AUEZOV UNIVERSITY-ГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Академиялық адалдық Лигасы Auezov University-дің білім беру процесіне мониторинг жүргізді.

Арнайы мониторингтік топ Auezov University-дің инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасымен және оқу-зертханалық кешенімен танысты.

Сонымен қатар талдау барысында оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен кездесіп, Auezov University-дің  ғылыми-зерттеу жұмыстарына жан-жақты талдау жасады.

Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.

2018 жылы құрылған Лиганың негізгі миссиясы – Академиялық адалдықтың негізгі 10 қағидасын ілгерілетіп жүзеге асыру арқылы елдегі білім беру сапасын дамыту.

Auezov University 2022 жылдың 13 сәуірінен бастап Академиялық адалдық лигасына мүше ретінде  қабылданған.

Лигаға мүше университеттерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – білім беру процесінің Академиялық адалдық лигасының жоғары қағидаларына сәйкес келуі.

Лиганың миссиясын қамтамасыз ету және академиялық адалдық қағидаларын ілгерілету мақсатында бекітілген кесте бойынша жоғары оқу орындары мен ондағы білім беру процесінің Стандарттық 105 критерийге сәйкестігіне мониторинг жүргізуде.


Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны:
+7 7252 21 43 67

e-mail
: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.