Жаңалықтар
AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
- Қаралды: 374
Auezov University-де «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама жобасы талқыланды.
Алқалы басқосуға оқу орнының профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен жас ғалымдары қатысты.
Жиынды Auezov University Басқарма төрағасы – Ректор Дария Қожамжарова ашып, Ұлттық баяндама жобасының басым бағыттары туралы айтты.
«Ұлттық баяндама жобасының жұртшылық өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқылануы және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталуы қажет. Себебі, маңызды құжатта жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылған», – деп атап өтті Дария Қожамжарова.
Жиында Auezov University сарапшылары Ұлттық баяндама жобасына қатысты бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды. Басқосу барысында білім беру мазмұнын өзгерту, цифрлық трансформациялау, ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру, докторантура және постдокторантура білім беру бағдарламаларын уақыт ағымына сай дамыту, оқу мазмұнының сапасын арттыруға қатысты өзекті ойлар ортаға салынды.
Атап айтқанда, Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің деканы Мұрат Айтөреев, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Гүлмира Елібаева, доцент, PhD Нұрлыбек Жұматаев және «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы Әзімхан Исабек білім беру сапасын қамтамасыз ету бағыттары жайында пайымды пікір білдірді.
Осы орайда атап өтерлігі, бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ұлттық баяндама жобасында қарастырылған басым бағыттар бойынша нақты істер қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Талқылау жиынын Auezov University Ректоры Дария Қожамжарова қорытындылады.
«Ұлттық баяндама – баршамыздың ортақ жұмысымыздың нәтижелерін көрсетеді, болашағымызды айқындайды. Алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан да маңызды құжаттағы бағыттарға назар аударып, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстардың айтылуы ерекше маңызға ие», – деді оқу орнының басшысы.
Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз