Жаңалықтар
AUEZOV UNIVERSITY-ГЕ ЗЕРТТЕУ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
- Қаралды: 586
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл туралы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына арналған жиында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
«1943 жылы сұрапыл соғыстың кезеңінде негізі қаланған университет бүгінде әлемдік нарықта сұранысқа ие бірегей білім ордасына айналып отыр. Сондай-ақ Сіздердің жоғары оқу орындарыңыз білім берудің 3 деңгейлі сатысын жоғары деңгейге көтеріп, отандық университтердің көшбасшысына айналуда», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ведомство басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университет ұжымына жолдаған құттықтауын оқыды.
«Еліміздің барлық аймақтарында дарынды әрі ойы ұшқыр, креативті жас ұрпақ өсіп келеді. Біз жоғары оқу орындары арқылы олардың ішкі әлеуетін толық ашуға жағдай жасауымыз керек. Аймақтық университеттер негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен ынтымақтаса отырып жүзеге асыру – Сіздер мен жергілікті қауымдастықтың міндеті. Атаулы 80 жылдың ішінде оқу ордасы көптеген табыстарға қол жеткізіп, мол мүмкіндіктерге ие болды. Университет алдыңғы қатарлы ғылым, білім ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, әлемдік рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – делінген құттықтауда.
Бұдан бөлек, жиын барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, академик Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты жиынның соңы спикерлердің ғылым, жоғары білім сапасы турасындағы танымал спикерлердің баяндамаларына ұласты.
Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз