Жаңалықтар
BOOTCAMP БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КУРСТАРЫ
- Қаралды: 309
2024 жылдың 11-16 қаңтар аралығында ағылшын тілінде сабақ беретін 5 университет оқытушысы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен О.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында Хонг білім беру университетінің профессорларымен «How to be a teacher» «How to be a researcher» тақырыбындағы bootcamp бағдарламасы аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курс аясында тыңдаушылар Motivating Minds: A Fusion of Care and Innovation (Мотивациялық ақыл-ойлар: Қамқорлық пен инновацияның үйлесуі); Сөйлеу дағдыларын жақсартуға арналған Google Assistant: Google Assistant for Enhancing Speaking Skills: Care-Innovation Approach (сөйлеу дағдыларын жақсартуға арналған Google Assistant: күтімге арналған инновациялық тәсіл), Enhancing Student Motivation to Learn (оқушының оқуға деген ынтасын арттыру), Writing Skills (жазу дағдылары) модульдері бойынша біліктіліктерін арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушыларымен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, О.Жәнібеков ОҚПУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушылары қатысты.