Жаңалықтар
Түйіндемені толтыру ережесі
- Қаралды: 562
15 ақпан 2018жыл сағат 10-00де Жұмыспен қамту кәсіби бағдар беру жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің мәжіліс залында бітіруші түлектер мен Head Hunter компаниясының бас мамандары Карибаева Меруерт және Абдрахманов Сұлтанханмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында түлектерге түйіндемені қалай дұрыс толтыру қажет, қандай тиімді мәліметтерді жазу қажет, суретті дұрыс таңдау жасау қажеттігі, жұмыс тәжірибесін сауатты көрсете білу және ілеспе хат жазу мен оның құрылымын түсіндіру жұмыстары айтылды.
Аталған кездесуге бітіруші топ басшылары қатысып, компания өкілдеріне белсенді түрде сұрақтар қойып отырды. Өз кезегінде компания өкілдері Head Hunter компаниясының атынан барлық қатысушыларға «Түйіндемені толтыру ережесі» тақырыбындағы мастер классқа қатысқаны үшін сертификаттармен және белсенді қатысқан студенттерге сыйлықтармен марапаттыды.