«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ СТАРТАПЫМ»: «VIGILANT TAQIYA» ЖОБАСЫ 800 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  студенттері мен магистранттары  арасында «Менің алғашқы  стартапым» атты  бизнес-жобалар байқауы өтті. Биылғы ерекше форматта өткізілген байқау жүлдегерлеріне  қаржылай қолдау көрсетіліп, жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрады. Байқауда студент жастар жаңа мобильдік қосымшалар, онлайн қызметтер, қалдықтарды кәдеге жарату, өсімдіктерден денсаулыққа пайдалы өнім алу сияқты өзекті  мәселелерді  шешуге бағытталған  жаңа жобаларын  қорғады.  Жалпы  43 стартап жоба сарапқа салынып, оған 100-ден аса студент, магистрант және олардың жетекшілері қатысты.

Байқауды М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментінің «Бизнес-инкубатор» бөлімі ұйымдастырды.  Ұйымдастырушылар  байқаудың мақсаты  «Студенттер мен магистранттарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы шығармашылық идеяларды анықтау және инновациялық қызметті жандандыру»  дейді.

«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Абилов және осы мекеменің инвестицияларды тарту және экспортты дамыту департаменті директорының орынбасары Тулкин Нарметов, «Qagaz Ordasy SEZ» ЖШС директоры Қанат Алимбаев, «Sagitex Group» ЖШС директоры Нұркен Жамаладин, «Janna Eltanova» ЖШС директоры Жанар Ельтанова, «Mega SMART» ЖШС HR менеджері Вероника Зубанова жаңашыл жастардың жобаларына сарапшылдық жасады.

Сарапшыларға жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Стартап жобалардың өзектілігі, маңыздылығы, инновациялық идеясының жаңашылдығы жағынан талантты жастардың ізденістерін ерекше атап өтпеске болмайды.

Байқау қорытындысы бойынша «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері  А.Сандыбаев пен А.Орынқожаевтың «Vigilant TAQIYA» жобасы  бірінші орын алып, 800 000 теңгенің грантына ие болды.  Екінші орынды «Тоқыма және тамақ инженериясы»  жоғары мектебінің студенттері А.Орынбек, Э.Тахиржанова, А.Камилованың «Цикорийдің өнімділігі жоғары сорттарынан инулин алу технологиясы» жобасымен үздік деп танылып, 500 000 теңге сомасына грант берілді. Үшінші орын алған «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің студенті Н.Абдумажитовтың «Робот-манипулятор» жобасына, «Заң» факультетінің студенттері Д.Темірхан және К.Тілеубергеновтің «Q-Voice» жобасына 350 000 теңге сомасында гранттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.