Жаңалықтар
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
- Қаралды: 244
Әуезов университетінде Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу ордамыздың ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтсүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, жиналған ғылыми қауымды мерекемен құттықтады.
Университетімізде 2 ғылыми-зерттеу институты 17 ғылыми-зерттеу зертхана, 6 ғылыми орталық жұмыс жасайды. Сонымен қатар оқу ордамызда 83 ғылым докторы, 480 ғылым кандидаты, 113 PhD доктор қызмет атқарады. Әуезов университеті өткен жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой қарсаңында жоғары оқу орнымызға Зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл біз үшін зор жетістік, үлкен абырой болды. Ғалымдардың зерттеулерінің тыныс ашылып, оларға тың серпін берді. Алдағы уақытта университетіміз бұдан да үлкен белестерді бағындыратынына сенімім кәміл және баршаңызды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын, - деді Қайрат Еңбекшіұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор Айменов Жамбыл Талхаұлы және PhD доктор Смайлов Бахыт Маткаримұлы ғылыми қауымға жүрекжарды пікірлерін арнап, айшықты мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара барысында 5 ғалымға ҚР Ғылым және жоғары министрінің Құрмет грамотасы және 7 Алғыс хаты табыс етілді. 11 ғалымға қаржылай сыйақы берілсе, 15 ғалым Басқарма төрағасы – Ректордың Құрмет грамотасымен сондай-ақ 14-і Алғыс хатымен марапатталды.
Өмірі ізденіске толы, қажыр-қайратын ғылыми зерттеуге арнап, игілікті табыстарға қол жеткізген Ғылым қызметкерлерінің күні баршаңызға құтты болсын!
Отандық ғылымның мерейі үстем, бәсі биік болғай!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз