Жаңалықтар
ӘУЕЗОВТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ ГЕРМАНИЯДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
- Қаралды: 164
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асыратын «Болашақ» бағдарламасы «500 ғалым» жобасы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Су сапасын мониторингілеу және сулы технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, постдокторант, PhD Еркебұлан Райымбеков және «Бизнес-инкубатор» бөлімінің басшысы, постдокторант, PhD Мақсат Қамбатыров Германия Федеративті Республикасы, Мюнхен қаласындағы Мюнхен Техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама жетекшісі – Мюнхен Техникалық университетінің Құрметті Президенті, профессор Герман Вольфганг әлемге әйгілі химик-ғалымдардың бірі. Жас ғалымдар аналитикалық химиядағы озық зерттеулер және химиялық зерттеулерді жүзеге асырудың заманауи әдістемелері тақырыптары бойынша жетекші университеттің зертханаларында тәжірибе алмасуда.
Сондай-ақ, тағылымдама барысында Мюнхен Техникалық университеті құрамындағы Катализдік зерттеу орталығы, Ақуызды функционалды қосылыстар орталығы, Нейтрондарды зерттеу орталығы, Озық зерттеулер институтының жұмысымен таныстырды. Университет әлемдік QS рейтингісінде 37 орында және оқу ордасынан 17 Нобель сыйлығының лауреаттары шыққан, соның ішінде 4-еуі химия бойынша.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз