ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ: ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универстеті 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады. Қабылдау комиссиясының алғашқы күнінің жұмысына университеттің Басқарма Төрағасы - ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов қатысып, оқуға түсушілерге сәттілік тіледі. 

Әуезов университеті барлық талапкерлерді қабылдауға дайын. Қызмет көрсету деңгейін жақсартуда «AlmaTurn» QR – электрондық кезек жүйесі орнатылған. Қабылдау комиссиясының жұмысына 65 қызметкер жұмылдырылған. Құжат тапсыруға келген талапкерлер және олардың ата-аналарына ыңғайлы болуда барлық жағдай бар: 3 қызмет көрсету залы, 300 орындық күту залы, 1 кеңес беру залы және 1 өзіне өзі қызмет көрсету залы қарастырылған. 

Қабылдау комиссиясы таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ға дейін жұмыс істейді.

Талапкерлер университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты https://auezov.edu.kz/kaz/ сайтынан таба алады. Сондай-ақ ең қажетті әрі маңызды ақпараттар университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында Инстаграм @auezov_university, Фейзбук @auezov.university;  Телеграм @auezov_u, Tiktok. @auezov_university  күнделікті жарияланып отырады. 

Құрметті талапкерлер! Біз Сіздерді күтеміз! 

Құжаттар М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың В ғимаратында қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан, 5

 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.