FREEDOM GRANTS БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants* білім беру жобасы басталды ✨

Жаңа жоба аясында Freedom Bank университетімізге қосымша білім гранттарын береді. Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет: 

1) 1 - 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;

2) 14 - 18 тамыз – Instagram-да Банктің  парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

3) 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады. 

Конкурсқа келесі факультеттердің мамандықтары қатысады:

 Байқауға келесі жоғары мектептердің білім беру бағдарламалары қатысады:

  1. Экономика және бизнес. (Бейіндік пән: Математика-География)
  2. Ақпараттық технологиялар және энергетика. (Бейіндік пән: Математика-Информатика)

*Freedom Grants - талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.

✅ Толық шарттарды профиль тақырыбындағы сілтеме немесе grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ университеттің қабылдау комиссиясында қараңыз.

 

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.