Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қаралды: 196
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ
Ішкі аудит қызметінің жетекшісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызмет жетекшісінде болуы керек:
1) экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы-несие салаларындағы жоғары кәсіптік білім, ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе құқықтану саласында қосымша білімі болғаны жөн;
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;
3) басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелерін білу;
5) ішкі аудиторлар Институты (The Institute of Internal Auditorslnc) әзірлеген халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (MCA) білген жөн;
6) қосымша арнайы даярлықтан өткен жөн, атап айтқанда «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігі, және/немесе CIA (Сertified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификаты, және/немесе ASSA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтер сертификаты, және/ немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant), халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты, және/немесе DipPIA (Diplomain Proffessional Internal Auditor) дипломы;
7) мемлекеттік және шет тілдерін меңгергені жөн.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 каб.), телефон: 8 707 859 60 23, 8 702 944 28 67.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз