Жаңалықтар
«АЛТЫ АЛАШТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ – ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ» АТТЫ ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
- Қаралды: 44
Әуезов университетінде «Алты Алаштың қайсар ұлы – Тұрар Рысқұлов» атты тарихи танымдық кеш өтті. Игі шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы, Мәдениет және өнер факультеті, Сәулет, құрылыс және көлік факультеттері мұрындық болды.
Тарихи танымдық кеште саналы ғұмырын ұлтына арнаған Тұрар Рысқұлов туралы арнайы сахналандырылған көрініс ұйымдастырылды. Университеттің Басқарма Төрағасы – ректоры Ғани Бесбаев шарада арнайы сөз алып:
– Тұрардай атпал тұлғаны ұлықтау баршамызға ортақ борыш. Мемлекет қайраткерінің биыл 130 жылдығын біз ұлт болып тойлап отырмыз. Бұл баршамыз үшін де игі іс болмақ. Дана халқымыз: өлі риза болмай, тірі байымайды, - деген болатын. Сондықтан даңқты бабаның өнегелі өмір жолын бірге ұлықтайық. Мерейтой құтты болсын!» - деп атап өтті. Сонымен қатар тарихи кеште, «Мұхтартану ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Қоңыратбаев Ордалы Молдалыұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Пазылов Ержан сынды ғалымдар баяндама жасап, студент жастарға тың мәлімет берді.
Кеш соңында Ғани Әбзелбекұлы шарада белсенділік танытқан оқытушылар мен студент жастарға ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Шара мұнан әрі студент жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.