Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қаралды: 179
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5
Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің бар болуы, ғылыми атағының (болғаны жөн);
2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;
3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент, мемлекеттік жастар саясатының қағидаттарын білу (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен);
4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен);
5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік;
6) қазақ және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілі болғаны жөн (меңгеру деңгейі туралы сертификат көрсетіледі);
7) ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы (соңғы 3 жылдағы).
Соңғы 3 жылда Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) болғаны жөн
Конкурсқа қатыса алмайды:1) жиырма бес жасқа толмаған;2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:1) белгіленген нысандағы өтініш;2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының қызмет тізімі;4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;5) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе растау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын растау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі;
6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;7) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы № 075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.11) соңғы 3 жылдағы ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, ғылыми (гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру), білім беру және инвестициялық жобаларға қатысу туралы құжаттардың көшірмелері, тәрбиелік сипаттағы жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ олардың кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтер түрінде растайтын құжаттарды ұсынады.Қоғамның даму бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс:
1) Қоғамды дамытудың 5 жылға арналған негізгі бағыттары бойынша пайымы, миссиясы, Қоғамдағы бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерді сақтауға сәйкес Қоғамның құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары);
2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) көрсету және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу);
3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімнің ұсыныстары (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, мәселелер, шешімдердің сабақтастығы);
4) конкурсқа қатысушы ұсынатын Қоғамның даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.
Қоғамның даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетіне жеткізу қажет (643 каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26.1.Өтініш
2.Қызмет тізімі