Жаңалықтар
Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!
- Қаралды: 436
02.03.18ж факультетіміздің акт залында университет жанынан ашылған «Психологиялық көмек көрсету» орталығының мамандарымен «Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!» тақырыбында мотивациялық семинар өтті. Семинарға психологиялық көмек көрсету орталығының жетекшісі Айтжанова Гүлнар, бас мамандары Дайырова Айзат және Стаева Айгерім қатысты. Семинарды Айтжанова Гүлнар ханым өз баяндамасымен ашып берді. Баяндама барысында ол өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, әрбір адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыруы керектігін тыңдаушыларға кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар орталықтың бас маманы Дайырова Айзат тыңдаушылармен топтық-психологиялық тренинг-жаттығулар жүргізіп, қатысушыларға позитивті көңіл-күй сыйлады. Семинар соңында барлық қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып тарқасты.