«ОЛИМПИАДА - 2025»: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН САРАПҚА САЛАДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша орта білім беру

мектептерін бітіруші оқушыларға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің

бейіндік пәндері комбинациясы және «Жас Талант» шығармашылық өнер

конкурсы бойынша олимпиада басталды.

Дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға биыл тіркелгендердің саны 3 мыңнан асты. 17-28 ақпан аралығында өтетін сайыста кіл мықтылар анықталады. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға оқуға түскенде оқу ақысына I – орынға 100% (12 орын), II – орынға 75% (12 орын), III – орынға 50% (12 орын) жеңілдіктер қарастырылған.


Олимпиаданың мақсаты – талантты және дарынды оқушыларға қолдау көрсету. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп бітіруші оқушылардың білімін бағалау нәтижесінде дарынды озат оқушыларды анықтаймыз. Бұл оқушылардың жоғары оқу орындарында дұрыс мамандық таңдауына және оқуға түсу бойынша мейлінше ақпарат алуына мүмкіндік береді. I,II және III орын алған жеңімпаздарға дипломдар мен оқу ақысына жеңілдіктер ұсынылады, - деп атап өтті Кәсіптік бағдар беру орталығы директоры Талғат Зәуірбеков.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.