Жаңалықтар
«ШЫМКЕНТ: ЖАҺАНДЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕУРООДАҚ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
- Қаралды: 39
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне жұмыс сапарымен келген Еуроодақ және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстан Республикасындағы елшілерінің қатысуымен «Шымкент: жаһандық серіктестер үшін білім беру дипломатиясын дамыту» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – Еуроодақ университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайту (бірлескен бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, ғылыми коллоборациялар) студенттер мен оқытушылар үшін мүмкіндіктерді талқылау.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және қаламыздағы ЖОО студенттері қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки Жұмақанұлы қонақтарға Шырайлы Шымқалаға келген сапарларына сәттілік тіледі.
–Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастықты дамытуды, әсіресе оның өңірлік деңгейдегі маңыздылығын атап өтуде. Мемлекет басшысының саясаты ғылым және жоғары білім саласында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бүгінгі іс-шара соны айғақтайды.
Шымкент – өңірдегі экономикалық хабы ретінде, сыртқы экономикалық серіктестікті кеңейту және ғылымды дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер туғызуда маңызды рол атқаратын қала болып табылады. Университетіміз қаламызды дамытуда инновациялық және ғылым ордасы ретінде үлес қосатыны мәлім.
Сіздерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қарсы алуымыз – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздердің бүгінгі сапарларыңыз халықаралық білім беру саласындағы байланысты нығайтуымен маңызды әрі ықпалды болатынына сенімдіміз, - деген Дархан Жұмақанұлы қонақтарға университеттің ғылыми әлеуеті мен халықаралық дәрежедегі мүмкіндіктерімен таныстырды.
Конференцияда сөз алған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Юрьевич Василенко Шымкент қаласының халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтудегі атқарылып жатқан жұмыстары мен экономикалық өсіміне, сондай-ақ кәсіби мамандар даярлап жатқан Әуезов универсиетінің жетістіктерін мақтанышпен айтып, университетте ашылуы жоспарланған Аризона универсиеті туралы өз пікірін білдірді.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі Моники Иверсен, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Иван Рона Отто, Румынияның Қазақстандағы елшісі Мадалина Лупу, Швеция Карольдігінің Қазақстандағы елшісі Ева Пулано студенттермен білім беру бағытындағы маңызды ақпараттарымен бөлісті.
Жас ғалым Еркебулан Райымбеков қонақтарға шет елдік ғалымдармен бірлесе жүргізіп жатқан жобасын таныстырса, Латвияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқудан өткен «Халықаралық қатынастар» мамандығының 4 курс студенті Слам Алтынай университет берген мүмкіндіктерімен бөлісті.